
Ortalyq meńgerýshisi
«ДОСТЫҚ» ОДО
Кабулов Амангелды Сабирович

Ауылдық жерлерде тар ауқымды мамандықтар бойынша дәрігерлерге деген қажеттілік қалалардағыдай жоғары, бірақ ауылда көбінесе жалпы тәжірибелік дәрігерлер ғана жұмыс атқарады. Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданының 3 403 адам тұратын Достық (бұрын – Дружба) ауылында «Достық» отбасылық денсаулық орталығы (ОДО) ашылғаннан бері жағдай өзгерді. Ол жерде халыққа медициналық көмектің үлкен кешенін бейінді мамандар тегін көрсетеді, соның арқасында емделушілерге ірі қалалар мен аудан орталықтарына бару қажет емес. Сондықтан «Достық» ОДО-ң рөлі ауыл тұрғындары үшін өте маңызды.
«Достық» ОДО-ға жалпы тәжірибелік дәрігер Кабулов Амангелді Собирович жетекшілік етеді. Ол С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде бейінді жоғары білім алып, бұл лауазымға 2021 жылғы 1 ақпанда тағайындалды. Жетекші медициналық қызметтердің сапасын үздіксіз арттыруға ұмтылады.
Сондай-ақ Орталықта ультрадыбыстық зерттеулер жүргізіледі, уқалау процедуралары жүргізіледі, психолог және басқа мамандар консультациялар береді. Күндізгі стационар жұмыс жасайды, бұл да ауыл тұрғындары үшін өте ыңғайлы. «Достық» ОДО ашылғаннан кейін Достық ауылындағы медициналық көмектің деңгейі айтарлықтай артты деп сенімді түрде айтуға болады!
Мамандары ОДО"ДОСТЫҚ"

Дуйсенбиева Елена Аскаровна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Мырзакеева Чимангуль Сауытовна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Смагулов Талгат
Сайынович
Уролог дәрігер, ересектердің хирургы

Асанова Лаура
Ауезхановна
Офтальмолог

Рахметова Гульнар Жолдасбаевна
Отоларинголог

Оразымбетова Нагима Бахтиназаровна
Гастроэнтеролог, дерматолог

Дуйсекеев Руслан Кадирбекович
Балалар хирургы

Баткалова Айгерим Ержановна
Аға медбике
Көрсететін қызметтер ОДО"ДОСТЫҚ"
Жалпы тәжірибелік дәрігер - кең таралған аурулардың алдын алумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын кең бейінді маман. Ересектермен де, балалармен де жұмыс жасайды және терапия саласында ғана емес, сондай-ақ офтальмология, оториноларингология, неврология, дерматология, кардиология сияқты шектесетін тар ауқымды мамандықтар саласында да білімі мен дағдылары бар.
Невролог-дәрігер (невропатолог) орталық және шеткері жүйке жүйесінің, ОЖЖ-ң жұмысына әсер ететін тірек-қозғалыс аппаратының кейбір патологияларының профилактикасымен, емдеуімен және диагностикасымен айналысады.
Гинеколог – әйелдердің репродуктивті жүйесімен айналысатын дәрігер. Оның негізгі мақсаттары мен тапсырмалары: бала туу жасындағы әйелдердің репродуктивті жүйесінің күйін жүйелі түрде бақылау, әйелдердің жыныс мүшесіндегі өзгерістерді анықтау және ауруларды диагностикалау, анықталған және өз құзыретіне жататын патологияларды емдеу.
Ультрадыбыстық диагностика дәрігері – ультрадыбыстық аппараттардың көмегімен адамның мүшелері мен жүйелеріне ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізетін маман. Зерттеу барысында ол адамның мүшелерінің күйін тексереді, олардағы патологиялық өзгерістерді анықтайды және жасалған қорытындыға байланысты одан әрі емделу үшін емделушіні тар ауқымды мамандарға жібереді.
Онколог – ісік аурулары жөніндегі маман, оның жұмысына қатерсіз және қатерлі ісіктердің, сондай-ақ ісік алдындағы күйлердің профилактикасы, диагностикалау және емдеу кіреді.
Педиатр – балалардың денесінің дамуына және жүйке-психикалық дамуына баға беретін, бірқатар аурулардың профилактикасымен және емдеуімен айналысатын дәрігер. Осындай маманның әртүрлі патологиялардың симптоматикасына қатысты білімі бар, фармокологияның негіздерін біледі, зерттеулер жүргізудің қажет аспаптық және зертханалық әдістемелерін іріктейді. Педиатрға нәрестелер мен балабақша және мектепке баратын балалардың ата-аналары жүгінеді.
Психолог – адамға ішкі күш-жігерін жинауға, өзіне сенуге, психологиялық тосқауылдарды бұзуға және өмірінің сапасын жақсартуға көмектесетін маман
Хирург ауруларды хирургиялық емдеумен айналысады, сондай-ақ хирургиялық патологиясы бар емделушілерге консультациялар береді, ота жасалған емделушілерді қадағалайды.
Отоларинголог немесе ЛОР – мұрынның, тамақтың және құлақтың ауруларын зерттеуге және емдеуге маманданатын дәрігер. Бірақ мәселе үш мүше туралы ғана емес, бұл мүшелер – адам денесінің маңызды жүйелері. Сондықтан осы салада тәжірибеленетін дәрігердің терең білімі мен ерекше дағдылары болуы тиіс.
Гастроэнтеролог – асқазан-ішек жолының, ұйқы безінің, өт шығару жолдарының, бауырдың және өт қабының ауруларын профилактикалаумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын маман.
Офтальмолог – көздің әртүрлі ауруларын, сондай-ақ көздің, қабақтың, көзжас бездерінің, көз түбінің зақымдарын диагностикалаумен, емдеумен және профилактикасымен айналысатын медициналық қызметкер. Офтальмолог та, окулист те көз дәрігерлері болып табылады.
Аға медбике – орта медициналық білім мен 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті маман. Аға медбикенің міндеттерінің тізбесіне бөлімшенің немесе оған тапсырылған жұмыс учаскесінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін кең атқарымдар кіреді.
Байланыстар ОДО"ДОСТЫҚ"
Телефон нөмірі
Мекен-жайы:
село Достык, улица Кенжебаева дом 9
Email адрес
Әлеуметтік желілер
График дистанционного приема профильных специалистов