
Ortalyq meńgerýshisi
«ЧАПАЕВ» ОДО
Чапаево Сабыржанова Толганай Балгабаевна

Ауыл тұрғындарына тар ауқымды дәрігерлік мамандықтар бойынша заманауи медициналық қызметтер қолжетімді болмағаны бұрыннан мәлім. Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында бұл мәселе шешілді. Бұл жерде заманауи «Чапаев» отбасылық денсаулық орталығы жұмыс жасайды, оған С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде білім алған, медициналық танымдары жоғары және жетекші қызметте тәжірибесі бар Сабыржанова Толганай Балгабаевна 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап жетекшілік етуде.
Орталықтың жетекшісі және оның жетекшілігімен жұмыс жасайтын дәрігерлер командасы медициналық қызметтердің сапасын үздіксіз арттыруға ұмтылады.
«Чапаев» ОДО-да емделушілерді қарап тексереді, екпелер жасайды, таңулар жасайды, физиотерапиялық және басқа процедураларды жүргізеді. Орталықта күндізгі стационар жұмыс жасайды. Заманауи медициналық қызметтер алу үшін Чапаев ауылының тұрғындарына ірі қалаларға бару қажет емес, бұл олардың уақыты мен ақшасын үнемдейді. Сондай-ақ «Чапаев» ОДО-да қызметтер тегін көрсетіледі.
Мамандары ОДО«ЧАПАЕВ»

Әсебек Ботагөз Бектібайқызы
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Жунисханова Асель Сенгалиевна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Рахметова Гульнар Жолдасбаевна
Отоларинголог

Саютин Виталий
Евгеньевич
Хирург

Айтбаева Айгуль
Кенесовна
УДЗ

Кенжегулов Ерлан Нурланович
Тіс дәрігері

Андирова Айнур
Манасовна
Гинеколог

Абижанова Рауза Тынысбековна
Аға медбике
Көрсететін қызметтер ОДО«ЧАПАЕВ»
Жалпы тәжірибелік дәрігер - кең таралған аурулардың алдын алумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын кең бейінді маман. Ересектермен де, балалармен де жұмыс жасайды және терапия саласында ғана емес, сондай-ақ офтальмология, оториноларингология, неврология, дерматология, кардиология сияқты шектесетін тар ауқымды мамандықтар саласында да білімі мен дағдылары бар.
Невролог-дәрігер (невропатолог) орталық және шеткері жүйке жүйесінің, ОЖЖ-ң жұмысына әсер ететін тірек-қозғалыс аппаратының кейбір патологияларының профилактикасымен, емдеуімен және диагностикасымен айналысады.
Гинеколог – әйелдердің репродуктивті жүйесімен айналысатын дәрігер. Оның негізгі мақсаттары мен тапсырмалары: бала туу жасындағы әйелдердің репродуктивті жүйесінің күйін жүйелі түрде бақылау, әйелдердің жыныс мүшесіндегі өзгерістерді анықтау және ауруларды диагностикалау, анықталған және өз құзыретіне жататын патологияларды емдеу.
Ультрадыбыстық диагностика дәрігері – ультрадыбыстық аппараттардың көмегімен адамның мүшелері мен жүйелеріне ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізетін маман. Зерттеу барысында ол адамның мүшелерінің күйін тексереді, олардағы патологиялық өзгерістерді анықтайды және жасалған қорытындыға байланысты одан әрі емделу үшін емделушіні тар ауқымды мамандарға жібереді.
Онколог – ісік аурулары жөніндегі маман, оның жұмысына қатерсіз және қатерлі ісіктердің, сондай-ақ ісік алдындағы күйлердің профилактикасы, диагностикалау және емдеу кіреді.
Педиатр – балалардың денесінің дамуына және жүйке-психикалық дамуына баға беретін, бірқатар аурулардың профилактикасымен және емдеуімен айналысатын дәрігер. Осындай маманның әртүрлі патологиялардың симптоматикасына қатысты білімі бар, фармокологияның негіздерін біледі, зерттеулер жүргізудің қажет аспаптық және зертханалық әдістемелерін іріктейді. Педиатрға нәрестелер мен балабақша және мектепке баратын балалардың ата-аналары жүгінеді.
Психолог – адамға ішкі күш-жігерін жинауға, өзіне сенуге, психологиялық тосқауылдарды бұзуға және өмірінің сапасын жақсартуға көмектесетін маман
Кардиолог – жүрек-қан тамырының: жүректің ишемиялық ауруларын, жүрек жеткіліксіздігі, гипертониялық аурулары мен басқа аурулардың диагностикасымен, профилактикасымен және емдеуімен айналысатын дәрігер. Кардиология – жүрек-қан тамырының патологиясымен айналысатын ғылым.
Эндокринолог - қызметі адамның эндокриндік жүйесін диагностикалауға және емдеуге бағытталған медициналық сарапшы. Дәрігер ағзаға шамадан тыс жүктеме түсудің, сыртқы әсерлердің және зиянды әдеттердің салдарынан залал келтірілетін гормондық реттеуді қалпына келтірумен айналысады.
Хирург занимается хирургическим лечением заболеваний , а также консультирует пациентов хирургической патологией, проводит наблюдение за после операционными пациентами.
Уролог дәрігер – несеп шығару жүйесінің және ерлердің жыныс жүйесінің ауруларын, сондай-ақ ішастар арты кеңістігін диагностикалаумен, профилактикасымен және терапиясымен айналысатын маман. Урология – терапиялық қана емес, сондай-ақ хирургиялық дисциплина. Мамандар дәрімен ғана емес, сондай-ақ ота жасау арқылы емдейді.
Офтальмолог – көздің әртүрлі ауруларын, сондай-ақ көздің, қабақтың, көзжас бездерінің, көз түбінің зақымдарын диагностикалаумен, емдеумен және профилактикасымен айналысатын медициналық қызметкер. Офтальмолог та, окулист те көз дәрігерлері болып табылады.
Отоларинголог немесе ЛОР – мұрынның, тамақтың және құлақтың ауруларын зерттеуге және емдеуге маманданатын дәрігер. Бірақ мәселе үш мүше туралы ғана емес, бұл мүшелер – адам денесінің маңызды жүйелері. Сондықтан осы салада тәжірибеленетін дәрігердің терең білімі мен ерекше дағдылары болуы тиіс.
Стоматолог – тістердің, ауыз қуысының және жақсүйек-бет бөлігінің ауруларының профилактикасымен, диагностикасымен және емдеуімен айналысатын дәрігер. Стоматолог мамандығы – бірқатар тар бейінді мамандар кіретін кең түсінік.
Реабилитолог – қалпына келтіру терапиясымен айналысатын дәрігер. Реабилитация адамдарға жарақаттардан кейін, ауыр аурулардан кейін, сондай-ақ ағзасының әртүрлі жүйелерінің жұмысы патологиялық бұзылған, туа біткен немесе жүре болған аурулары бар адамдарға қажет.
Гастроэнтеролог – асқазан-ішек жолының, ұйқы безінің, өт шығару жолдарының, бауырдың және өт қабының ауруларын профилактикалаумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын маман.
Дерматолог – терінің ауруларымен айналысатын маман. Дерматолог-дәрігер нені емдейді? Қоршаған ортаның әсерімен байланысты мәселелердің көп бөлігін өзіне қабылдай отырып, тері әртүрлі инфекциялардың, онкологиялық өскіндердің салдарынан қауіпке ұшырайды. Температуралық және өзге әсерлер де теріде іздер қалдырады. Сондай-ақ ағзадағы ішкі кемшіліктердің салдарынан да теріге зақым келеді, тері қартаяды.
Аға медбике – орта медициналық білім мен 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті маман. Аға медбикенің міндеттерінің тізбесіне бөлімшенің немесе оған тапсырылған жұмыс учаскесінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін кең атқарымдар кіреді.
Байланыстар ОДО«ЧАПАЕВ»
Телефон нөмірі
Мекен-жайы:
село Чапаев, улица Гагарина 10В
Email адрес
Әлеуметтік желілер
График дистанционного приема профильных специалистов