О нас

ТОО "Nova Invest" оказывает амбулаторно-поликлиническую помощь прикрепленному населению 3 районов: Алматинской области с.Чапаево, с. Кызыл Кайрат, с.Достык, с.Масак

Нур-Султан, Жаһанша Досмұхамедұлы, 24

+7 (7172) 64‒78‒94

mail@mail.ru

Гарантированный
Объем
Бесплатной
Медицинской
Помощи

Гарантированный объем бесплатной медицинской помощи за счет бюджетных средств предоставляется:

  • Қазақстан Республикасының азаматтарына,
  • қандастарға,
  • босқындарға,
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктерге,
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) азаматтығы жоқ адамдарға.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде ТМККК алуға құқығы бар.

ТМККК азаматтарға сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мыналар кіреді:

  1. Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін көмек.
  2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:
ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;
халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;
иммундау (вакцинация);
салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;
6) наблюдение за беременными и за родильницами в послеродовом периоде;

инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

  1. Специализированная медицинская помощь в амбулаторных условиях:
АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы;
жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;
әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі диагностика және емдеу.

  1. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:
емделу кезіндегі әлеуметтік мәні бар аурулар;
елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығы үшін үйдегі стационардың қызметтері;

динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезінде емдеу.

  1. Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:
айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;
инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;

жоспарлы тәртіпте.

  1. Медициналық оңалту:
негізгі ауруды емдеуде;

туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.

  1. Паллиативті медициналық көмек.
  2. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған жағдайда қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
  3. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
  4. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту.
  5. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету.