
Ortalyq meńgerýshisi
«Қызы Қайрат»
Жакупова Гульнар Киниесовна

Бұрын Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылында, басқа ауылдық елді мекендерде сияқты, емделушілер жалпы тәжірибелік дәрігердің қызметтерін ғана пайдалана алатын. Денсаулығына қатысты күрделі мәселелерді шешу үшін оларға ірі қалалар мен аудан орталықтарына баруға, күшін, уақыты мен ақшасын жұмсауға тура келетін еді. «Қызыл Қайрат» отбасылық денсаулық орталығы ашылғаннан бері жағдай өзгерді, бұл ОДО-ға 2021 жылғы 19 қазаннан бастап тәжірибесі мол маман, жоғары санаттағы дәрігер Жакупова Гульнара Кенесовна жетекшілік етеді. Бұл орталықта біліктілігі жоғары дәрігерлердің үлкен командасы, соның ішінде тар ауқымды мамандар жұмыс жасайды. «Қызыл Қайрат» ОДО жетекшісі мен дәрігерлері жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтердің үлкен кешенін қолжетімді етеді.
Емделушілер ақшасын үнемдейді, себебі ірі қалаларға барудың қажеті жоқ, сондай-ақ «Қызыл Қайрат» ОДО-да медициналық қызметтер тегін көрсетіледі, сондықтан ОДО-ның жергілікті тұрғындар үшін жоғары. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін осы ауылдың жоғарғы және төменгі бөлігінде екі ОДО ашылғанын ерекше атап өту қажет.
Мамандары ОДО«ҚЫЗЫЛ ҚАЙРАТ»

Замитдинова Венера Владимировна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Жексенбиева Ляззат Токтарбековна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Арынова Асем
Турлыгуловна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Османова Бахтинур Аруповна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Кенжебек Кастер Кенжебекович
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Акжигитова Гулим
Мухамед-Алиевна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Ахметова Эльвира Мухамеджановна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Кожекенова Лаура Машраповна
Жалпы тәжірибелік дәрігер

Рахимов Бериккали Баймухаметович
Тіс дәрігері

Ниеткалиева Нургуль Суюнгалиевна
Гинеколог

Асанова Лаура
Ауезхановна
Офтальмолог (ересектер, балалар)

Оразымбетова Нагима Бахтиназаровна
Гастроэнтеролог, дерматолог

Дуйсекеев Руслан Кадирбекович
Балалар хирургы

Садырова Гульназ Ахмеджановна
Гастроэнтеролог, дерматолог

Розахунова Раушания Сагидоллаевна
Аға медбике
Көрсететін қызметтер ОДО«ҚЫЗЫЛ ҚАЙРАТ»
Жалпы тәжірибелік дәрігер - кең таралған аурулардың алдын алумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын кең бейінді маман. Ересектермен де, балалармен де жұмыс жасайды және терапия саласында ғана емес, сондай-ақ офтальмология, оториноларингология, неврология, дерматология, кардиология сияқты шектесетін тар ауқымды мамандықтар саласында да білімі мен дағдылары бар.
Невролог-дәрігер (невропатолог) орталық және шеткері жүйке жүйесінің, ОЖЖ-ң жұмысына әсер ететін тірек-қозғалыс аппаратының кейбір патологияларының профилактикасымен, емдеуімен және диагностикасымен айналысады.
Гинеколог – әйелдердің репродуктивті жүйесімен айналысатын дәрігер. Оның негізгі мақсаттары мен тапсырмалары: бала туу жасындағы әйелдердің репродуктивті жүйесінің күйін жүйелі түрде бақылау, әйелдердің жыныс мүшесіндегі өзгерістерді анықтау және ауруларды диагностикалау, анықталған және өз құзыретіне жататын патологияларды емдеу.
Ультрадыбыстық диагностика дәрігері – ультрадыбыстық аппараттардың көмегімен адамның мүшелері мен жүйелеріне ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізетін маман. Зерттеу барысында ол адамның мүшелерінің күйін тексереді, олардағы патологиялық өзгерістерді анықтайды және жасалған қорытындыға байланысты одан әрі емделу үшін емделушіні тар ауқымды мамандарға жібереді.
Онколог – ісік аурулары жөніндегі маман, оның жұмысына қатерсіз және қатерлі ісіктердің, сондай-ақ ісік алдындағы күйлердің профилактикасы, диагностикалау және емдеу кіреді.
Педиатр – балалардың денесінің дамуына және жүйке-психикалық дамуына баға беретін, бірқатар аурулардың профилактикасымен және емдеуімен айналысатын дәрігер. Осындай маманның әртүрлі патологиялардың симптоматикасына қатысты білімі бар, фармокологияның негіздерін біледі, зерттеулер жүргізудің қажет аспаптық және зертханалық әдістемелерін іріктейді. Педиатрға нәрестелер мен балабақша және мектепке баратын балалардың ата-аналары жүгінеді.
Психолог – адамға ішкі күш-жігерін жинауға, өзіне сенуге, психологиялық тосқауылдарды бұзуға және өмірінің сапасын жақсартуға көмектесетін маман
Кардиолог – жүрек-қан тамырының: жүректің ишемиялық ауруларын, жүрек жеткіліксіздігі, гипертониялық аурулары мен басқа аурулардың диагностикасымен, профилактикасымен және емдеуімен айналысатын дәрігер. Кардиология – жүрек-қан тамырының патологиясымен айналысатын ғылым.
Эндокринолог - қызметі адамның эндокриндік жүйесін диагностикалауға және емдеуге бағытталған медициналық сарапшы. Дәрігер ағзаға шамадан тыс жүктеме түсудің, сыртқы әсерлердің және зиянды әдеттердің салдарынан залал келтірілетін гормондық реттеуді қалпына келтірумен айналысады.
Хирург ауруларды хирургиялық емдеумен айналысады, сондай-ақ хирургиялық патологиясы бар емделушілерге консультациялар береді, ота жасалған емделушілерді қадағалайды.
Уролог дәрігер – несеп шығару жүйесінің және ерлердің жыныс жүйесінің ауруларын, сондай-ақ ішастар арты кеңістігін диагностикалаумен, профилактикасымен және терапиясымен айналысатын маман. Урология – терапиялық қана емес, сондай-ақ хирургиялық дисциплина. Мамандар дәрімен ғана емес, сондай-ақ ота жасау арқылы емдейді.
Онколог – ісік аурулары жөніндегі маман, оның жұмысына қатерсіз және қатерлі ісіктердің, сондай-ақ ісік алдындағы күйлердің профилактикасы, диагностикалау және емдеу кіреді.
Офтальмолог – көздің әртүрлі ауруларын, сондай-ақ көздің, қабақтың, көзжас бездерінің, көз түбінің зақымдарын диагностикалаумен, емдеумен және профилактикасымен айналысатын медициналық қызметкер. Офтальмолог та, окулист те көз дәрігерлері болып табылады.
Отоларинголог немесе ЛОР – мұрынның, тамақтың және құлақтың ауруларын зерттеуге және емдеуге маманданатын дәрігер. Бірақ мәселе үш мүше туралы ғана емес, бұл мүшелер – адам денесінің маңызды жүйелері. Сондықтан осы салада тәжірибеленетін дәрігердің терең білімі мен ерекше дағдылары болуы тиіс.
Стоматолог – тістердің, ауыз қуысының және жақсүйек-бет бөлігінің ауруларының профилактикасымен, диагностикасымен және емдеуімен айналысатын дәрігер. Стоматолог мамандығы – бірқатар тар бейінді мамандар кіретін кең түсінік.
Реабилитолог – қалпына келтіру терапиясымен айналысатын дәрігер. Реабилитация адамдарға жарақаттардан кейін, ауыр аурулардан кейін, сондай-ақ ағзасының әртүрлі жүйелерінің жұмысы патологиялық бұзылған, туа біткен немесе жүре болған аурулары бар адамдарға қажет.
Гастроэнтеролог – асқазан-ішек жолының, ұйқы безінің, өт шығару жолдарының, бауырдың және өт қабының ауруларын профилактикалаумен, диагностикалаумен және емдеумен айналысатын маман.
Дерматолог – терінің ауруларымен айналысатын маман. Дерматолог-дәрігер нені емдейді? Қоршаған ортаның әсерімен байланысты мәселелердің көп бөлігін өзіне қабылдай отырып, тері әртүрлі инфекциялардың, онкологиялық өскіндердің салдарынан қауіпке ұшырайды. Температуралық және өзге әсерлер де теріде іздер қалдырады. Сондай-ақ ағзадағы ішкі кемшіліктердің салдарынан да теріге зақым келеді, тері қартаяды.
Аға медбике – орта медициналық білім мен 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар білікті маман. Аға медбикенің міндеттерінің тізбесіне бөлімшенің немесе оған тапсырылған жұмыс учаскесінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін кең атқарымдар кіреді.
Байланыстар ОДО«ҚЫЗЫЛ ҚАЙРАТ»
Телефон нөмірі
Мекен-жайы:
село Кызыл Кайрат ул. Жаханова дом 54,
ул. Малькеева дом 47
Email адрес
Әлеуметтік желілер
График дистанционного приема профильных специалистов